Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • Все новости

    "Мектепке жол" акциясы

                   Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауда әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына міндетті орта біліммен қамтамасыз ету мақсатында биыл «Мектепке жол» акциясы «Бақытты балалық шақ!» ұранымен  ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінде жалғасын табуда.     Тұрғындар арасында көп балалы, аз қамтылған отбасы  балаларына әлеуметтік көмек көрсету барысында жомарт жандардың барлығы қалыс қалмады.  Акцияға демеушілік еткен «Нұр Отан» аудандық филиалы 10 оқушыға, аудандық жұмыспен қамту орталығы 2 оқушыға, аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығы 5 оқушыға, кәсіпкерлік бөлім 2 оқушыға, сәулет, қала құрылысы және кұрылыс бөлімі 2 оқушыға, жұмыспен қамту орталығы  2 оқушыға, Жәнібек колледжі 2 оқушыға, аудан әкімдігі 2 оқушыға, «Жәнібек» балабақшасы 5 оқушыға мектеп сөмкесі және оқу құралдай көмек етсе, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы 1 оқушыға  оқу құрал алып берді. Сондай- ақ жеке кәсіпкерлер М.Тастанов, С.Исаева, Г.Шатикова, С.Сералиева, Қ.Бекесова, Р.Тастанова  акция аясында көмек көрсетті. Жалпы құны 181 500  теңгені құрайтын 43 оқушы оқу құралдарымен қамтылды.

              «Көп түкерсе көл болар» демекші, аталмыш акцияның оқушы балаларға берер көмегі зор. Оқу жылының басындағы мұндай шарапатты істер бала көңілін оқуға сәл де болса талпындыра түспек.

     <![if !vml]><![endif]>











     

    28.09
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки